Жартылай жалаңаш ауызашар дастарханында отырған өнер иелері жұрттың ашуына тиді. Лыпаға оранып, дастарxан басында тілек айтқан әртістердің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі KYN тобында жарияланды.
Видеоны түсіріп тұрған Ақбота Керімбекова ауызашар дастарханын көрсетеді. Онда эстрада әншілерінің ішіндегі Нұрлан Еспанов пен Асхат Тарғын жартылай жалаңаш сүлгі жамылып отыр.
Көпшіліктің қытығына тиген сөз ондағы белгісіз әйелдің «Оразаларыңыз қабыл болсын» дегені.
«Алла сақтасын. Енді қалғаны жалаңаш оытрып тамақ ішу еді», «Мына жерде ораза жайлы әңгіме айтудың өзі ұят», «Не деген сұмдық мынау? Ұят емес пе? Мазақ қылып отыр ма?», – деп жазды олар.