Бір кездері өзінің отбасылы екенін көпшіліктен жасырып келген танымал әнші Ернар Айдар тыңдармандарына әйелінің суретін көрсетіп мақтанды. Үйленгеннен бері бір жыл өтсе де әнші жарын жұртқа еш көрсеткен емес. Ал, бүгін ол сүйіктісімен серуендеп жүргенде түскен фотосуретін өзінің Instagram-парақшасында жүктеді.
«Махаббат сынағанда, сынағанда Тағдырдың толқыны ұрып еңсең бір сәт құлағанда, Адасып сезім түсіп қалмау үшін бұралаңға, Бір адам керек екен Өмірде бір адамға», – деп өлеңдетіп жазды әнші суреттің астына.
Айта кетейік, Ернар Айдар қалыңдықты өз тыңдармандарының қатарынан таңдап алған болатын. Ол 1 жыл бұрын жасырын үйленіп, отбасылы болғанын арада біраз уақыт өткеннен кейін ғана айтты.