$ 448.89  477.93  4.76

«Ажыраспадық, бірақ бірге тұрмаймыз»: Ақбота Керімбекова үшінші күйеуінен алданып қалғанын айтты

Қайбіржылы үшінші рет күйеуге шыққан танымал әнші Ақбота Керімбекова биыл онымен де араларының суып кеткені туралы бұған дейін айтып та, жазып та жүрді. Алайда, артынша оның күйеуі екеуінің ажыраспайтындарын, әйелін өмір бойы бақытты ететінін өлең жолдарымен жеткізген болатын.

Жуырда «Ойбай Life» интернет-жобасында қонақта болған әнші үшінші күйеуімен арада не болғаны туралы айтып берді.

«Жолдасым мені қатты ренжітті. Қатты көңілімді қалдырды. Мен сенгіштігімнен көп таяқ жеп келемін. Мүмкін тағы алданып қалған шығармын. Сөзі мен ісі екі түрлі дүние. Үшінші күйеуімді жамандамай-ақ қояйын. Бірақ біз бірге тұрмаймыз. Не ажырастым, не ажыраспадым деп айта алмаймын», – дейді әнші.

Жанын жаралаған үшінші күйеуінің жамандығын жасырған Ақбота отбасының қазіргі кезде қыл үстінде тұрғанын айтады.

Айта кетсек, Ақбота Керімбекова былтырғы жылдың жаз айында өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Осы соңғы некем деген әнші сол кезде күйеуінің тегін де алған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары