#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Ұлым орысша сөйлейді»: Мәдина Садуақасованы жұрт тағы да сынап тастады

Қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылорда тумасы Мәдина Садуақасова орыстілді болса да, қазақша сұхбат беріп, қашан да ойын жеткізуге тырысады. Десе де, әнші ана тілін тек БАҚ үшін ғана қолданатын сияқты.

“Маған көп сұрақ келеді «балаңыз неге орысша сөйледі көбінесе» деген. Жауап жазайын.

Әнуар расында, көбірек орысша сөйледі (мультфильм, youtube тағы осындай бағдарламаларды көріп). Біз 5 жасқа дейін баланы еркін, ерке қып өсіреміз деп шештік үй ішімен, балаға ұрыспаймыз, зорлап ештеңе үйретпейміз. Ал кейін бағыт беріп, қатаңдау қарап айтып түсіндіреміз. Қазақша үйренбей қайда барады, құрсын. Әке-шешесі, ата-әжелері, барлық туысқандары қазақша сөйледі, балабақшаға қазақ тобына барады. Оны еш ұайымдамаймын. Тағы сұрақтарыңыз болса, марxабат”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің өзін ұлымен қазақша сөйлесуге шақырды.

«Өзіңіз үнемі орысша сөйлейтін болғансыз ғой ұлыңызға. Өз ана тілінде тілі шыққаны дұрыс. Көп нәрсе анаға байланысты», «Мәдина, ренжімеңіз, Жұмаділовтей жаушының немересіне бұлай шүлдірлеген ұят. Өзіңіз де өнер адамы ретінде өнеге болуыңыз керек көпке», – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары