Белгілі актриса Аша Матайға сезімін білдірген жігітті Арман Қоңырбаев соққыға жықты. Әншінің төбелесі Instagram-парақшасындағы түрлі топтарда көптеген қаралым жинап жатыр.
Видеода жас жұбайлар тұрмыстық техиникалар сататын дүкенде жүреді. Кенет телеэкрандардан бір жігіт Аша Матайға қарата сөз айта бастайды.
“Аша, мен сізге сезімімді білдірсем деп едім. Арман сізге лайық емес. Оны үнемі клубтардан көрем. Басқа қыздармен көңіл көтеріп жүреді. Басқа қыздармен кездеседі. Ол менің махаббатымдай махаббат сыйлай алмайды”, – дейді жігіт.
Алғашында сабыр сақтап, өзін ұстап тұрған Қоңырбаев жігіттің сөзін соңына дейін тыңдамай, оны сөйлеп тұрған бөлмесіне барып соққыға жыға бастайды.
Біраз уақыт өткен соң "Мәссаған, мен алдандым" бағдарламасының жүргізушілері бұл жағдайдың арнайы ойластырылғанын айтып, Аша Матайды алдау құрығына түсіргенін жеткізеді. Десе де актриса біразға дейін өзіне келе алмай, абдырап қалады.