Соңғы уақытта режиссерлық қырын танытып жүрген белгілі әнші Бүркіт тағы да кезекті туындысын түсіріп жатыр. Алғашқы фильмі триллер, криминал жанрында болса, бұл жолы ол экшн-комедияға көңіл бөліпті.
Айтуынша, төл туындысы «Логово» фильмі сәтсіз шыққан. Өйткені ол кеткен шығынын ақтай алмапты.
«Қанша сын айтылса да «Логово» фильмі жақсы шыққан деп айта аламын. Бірақ алғашқы туындыда көп шығынға баттық. Ал қазіргі түсіріп жатқан «Тілек тіле» фильміне қаржыны аз жұмсадық. Фильмде ең басты рөлді көпшілікке танымал әнші Индира Еділбаева ойнайды», – дейді НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасына сұхбат берген Бүркіт.
«Тілек тіле!» фильмі осы жылдың қыс айында көрерменге жол тартпақ. Картинадан Баян Алагөзовадан бастап басқа да танымал шоу-бизнес өкілдерін көруге болады. Сондай-ақ, фильмнің кейбір сюжеттерін Біріккен Араб Әмірліктерінде түсірген.