20.06.2018, 07:14

«Мәриям ислам дінін қабылдады»: Жұбаныш Жексенұлы италиялық келіні туралы айтты

Итальяндықтармен құда болған белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы жұртқа келінін мақтады. Айтуынша, өзге ұлттың қызы болса да ислам дінін қабылдап, ата-енесіне «шымкентше» сәлем салып жүр екен.

«Ұлым мен келінім 8 жылдың  көлемінде достасқан, бірге жүрген. Әбден уақыттың тексеруімен өткен махаббат болған соң, үйленулеріне келісімімізді бердік. Оның басқа ұлт болғаны, басқа тілде сөйлегені, ойлағаны ешқандай қылмыстық нәрсе емес. Мәриям үйге келін болып түскен күннен бастап дінді қабылдап, нағыз Шымкенттің келіні болып өмірін бастап кетті. Бізге ешқандай айырмашылық байқалған жоқ», – дейді «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болған Жұбаныш.

Келінінің ұлты итальян болғанымен, ол қазақ тілінде таза сөйлейді екен. Оны талантты, әрі музыкант деген әнші осыдан кейін де өзге ұлт өкілдерімен құда болуды жалғастыратынын тілге тиек ете кетті.

Айта кетсек, бірер күн бұрын ғана Жұбаныш Жексенұлы Instagram-парақшасына өзге келіншекпен түскен суретін жариялап, көпшілікке әйелімен ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын.