Белгілі актер Артур Төлепов құсын қолына қондырды. Күні кеше қалыңдықтың ұзату тойы өтті.
Артурдың көп қыздардың ішінен таңдаған жарының есімі – Мәдина. Қарағандының қызы. Ол Алматы технологиялық университетінің түлегі. Желі қолданушылары екі жасқа бақыт, шексіз махаббат тіледі. Еске салсақ, Артур былтыр інісі Асылхан Төлеповтың үйлену тойында сүйіктісіне тізерлеп тұрып ұсыныс жасаған болатын. Актер ата-анасы, туыстары және қонақтардың алдында Мәдинаға сезімін білдіріп, оны өмірбақи бақытты етемін деп сөз берді. Сол кезден бастап-ақ көпшілік екі жасқа ақ тілектерін жаудыра бастаған еді.