$ 443.35  475.54  4.82

Дауылға қарамастан ән айтқан Төреғали Төреәлі жұрттың ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлі дауылға қарамастан далада ән айтып, жұрттың өзіне деген сүйіспеншілігін арттырды. Соңғы кезде оны сынаушылар қатары көбейіп кеткен болатын. Соған орай, әнші желде тұрып ән айтқан сәтін мақтанышпен өз Instagram-парақшасына жүктеп, оның астына "Тағы да, атышулы Төреғали" деп жазды.

Ол бүгін Талдықорғандағы полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған концертке қатысқан. Бір мезетте дауыл басталып, айнала шаңға айналады. Алайда, сахнада ән айтып тұрған Төреғали соққан бораннан еш саспайды. Керісінше, әнін ары қарай жалғастырып, тыңдармандармен суретке де түсіп үлгереді.

Оның бұл әрекетіне сүйсінген желі қолданушылары "Жарайсың, бауырым! нағыз әншісің. Дауылға қарамастан ән айттың", "Саған айтылып жүрген жаман пікірлер осы боранмен кетсін" деп жазуда. Десе де, Төреғалиға "Бұл ауа-райы өзіңнің мінезіңе сай екен" деген қарсы пікір айтуышылар да табылды.

Айта кетсек, жиі сынға ұшырап, басы дауға көп ілігетін Төреғали Төреәлі соңғы кезде жасаған қателіктері үшін өкініп жүр. Ол концерттерінің бірінде қарт кісіге дөрекілік танытқан болатын. Одан бөлек, мұның алдында сұхбат беру кезінде журналистпен де сөзге келіп қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары