$ 447.4  477.55  4.76

Қыдырәлі Болманов ұлының ҰБТ-дан қанша балл алғанын айтты

Эстрада әншісі Қыдырәлі Болманов үлкен ұлы Бекболаттың Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алғанын айтып сүйіншілетті. Қуанышты жаңалықты өнер иесі өзінің Instagram-парақшасына бөлісті.

“Сүйінші! Қасиетті оразада сәресіден кейін күнде Әзірет Сұлтан мешітіне таң намазына барып тілеген тілектерімнің бірі – өзі берген перзенттерін тіл-көзден, бәле-жаладан, жаман адамдардан, ауру-сырқаудан, қауіп-қатерден, жол апаты, су апаты, от апаттарынан сақтап, жүректерін иман нұрымен нұрландырып, сүйікті құлдарының қатарынан қылып, салиxалы ұрпақтан етіп, әр перзентінің бақытын көрсетіп, қол жайған әр мұсылманының тілегін қабыл етіп, отбасыма, туған-туыстарыма, әр отбасына екі өмірдің абырой-бақытын бер деп күнде, көп тіледім.

Пендеміз ғой, өмір сынағынан, оқу сынағынан аман-есен өткізіп, абыроймен өткізіп, өзің қорған болшы деп тіледім. Алла xақ! Алла естіді, соңғы күндері уайымдап, Қарақатым екеуміз өте алаңдадық. Балалары мектеп бітіріп, ҰБТ тапсыратын әрбір ата-ана түсінеді мені… Міне бүгін Алматыдан келе салып, баламның ҰБТ-ны 128-баллмен тапсырғанын естігенде құшақтап тұрып, жас балаша жыладым. Мейірімді Аллаға сансыз мадақ! Әр отбасына осындай, бақыт тілеймін! Шын жүрегімнен осындай бақыттан ғана жылауларыңызды тілеймін! Ұзағынан сүйіндіргей!” – деп жазды ол.

Еске салайық, өткен аптада танымал астаналық қолөнерші, талай халықаралық марапаттардың иегері Ырза Тұрсынзада Қыдырәлі мен Қарақатты оның ғимаратын тартып алды деп айыптаған болатын. Жұлдызды жұп бұл айыпқа қатысты әлі жауап қатқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары