$ 494.87  520.65  4.91

«5 жерде жұмыс істеп, ұлымды жалғыз асырадым»: Айгүл Иманбаева ажырасқаннан кейінгі өмірін айтты

Белгілі әнші, әрі актриса Айгүл Иманбаева танымалдылыққа оңай жетпегінін айтты. Осы күнге жету үшін әнші аянбай еңбек етіп, күні-түні көз ілмей жұмыс істеген.  

Айгүл Иманбаева бірінші күйеуі актер Сәбит Әбдіқалықовтан ажырасып кеткеннен соң көптеген қиыншылықты бастан өткізген. Айтуынша, небәрі 21 жасында ол 5 жұмысты қатар атқарып, баласын жалғыз асырапты.

«Тек өзіме ғана сендім. Ж.Елебеков атындағы колледжде сабақ бердім, Ғ.Мүсірепов атындағы театрында актриса болдым. «Ұят болмасын» бағдарламасында келін рөлін сомдадым және түнде мейрамханаға барып ән айтатынмын. Сонда 5 жерде жұмыс істеп, тірнектеп тыйын таптым. Өз күнімді өзім көріп, аяғымнан тұра алдым. Біз екі жаққа кеткенде 21 жаста болатынмын. Бұл жастық максимализм», – дейді Айгүл телебағдарламалардың біріне берген сұхбатында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары