Бүгінде өнер жұлдыздарының арасында Instagram желісін қолданбайтындары саусақпен санарлық. Ішкен-жегеніне дейін желіге жүктеп отыратын олар жұрттың жақсылы-жаманды пікіріне аса мән бере қоймайды, не өздерін көңіл аурамаған адам сияқты көрсетеді. Бірақ бұл жолы Гүлзира Айдарбекова "күйеуің ұсқынсыз" деген сөзді ауыр қабылдады ма екен, Гүлназ есімді желі қолданушысына ұрысып берді.
Продюсер парақшасына “Күліп жүрейік! Арқа сүйер асқар тауымыз аман болсын!” деп жарымен түскен суретін бөліскен. Жазба астына бейтаныс ару "Күйеуіңнің түрі жаман ғой" деп пікір қалдырыпты. Ашуға берілген Айдарбекова болса, дәл сол сөздің астына өзі үшін күйеуінен асқан сұлу адам жоқ екенін жазады.
“Гүлназ жаным сол, осындай күйеуің болмаған соң шығар, іштегі өртің мен дертіңді шығарып, өзіңді жұбатып отырғаның тиісіп. Менің көзіммен, Нұрекеңнен асқан сұлу азамат жоқ. Сен ренжіме”, - деп жауап қайтарды ол.