$ 443.35  475.54  4.82

«Той қашан?»: Желі қолданушылары Жанар Дұғалованы тележүргізушімен қосып қойды

Әлеуметтік желіде белгілі әнші Жанар Дұғалованың тележүргізуші Тимур Балымбетовпен бірге түсіп, жүректермен көмкерілген суреті тарап кетті.

Мұны желі қолданушылары махаббатқа балап отыр. Жанардың бұған дейін "күйеуге шығам" деп жар салғаны белгілі. Оның таңдаған жігіті осы Тимур болар деп болжап жатыр әншінің тыңдармандары.

Фотосуретте Жанар мен Тимур бірге отыр, астына жүректің бейнесін салыпты. Қызығы сол, дәл осы бір фотоны Жанар да, Тимур да өз Instagram-парақшаларына жүктеген.

Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Жанар Дұғалова берген сұхбаттарының бірінде тұрмысқа шыққалы жүргенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары