$ 444.22  476.38  4.82

"Сатып алған шығар": Мейрамбек Беспаев әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды

Бүгінге сахнада жүргендердің көбі магистратура бітіріп, диплом алуды сәнге айналдырған. Дәріске басқалары секілді күнде қатыспаса да, университетті жап-жақсы бағамен бітіріп жатыр. Танымал эстрада жұлдызы Мейрамбек Беспаевтың магистр атанғанын Майғазиев желідегі парақшасына жазып қойды.

Беспаевпен "МузАрт" тобының директоры Ерлан Жүнісбай бірге оқыған боп шықты.

“Лев Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар магистрлерін құттықтап қойыңыздар, достар! “Бәрі таниды ғой, былай-ақ өткізе салған шығар”, “Сатып алған шығар” деген әңгіме айтуым жоқ. (Екеуін де ешкім танымапты, ақша алмапты ) Білім инемен құдық қазғандай. Алла тағала баршамызды пайдалы іліммен сусындата берсін”, – деп жұртты күлдірді Майғазиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары