$ 443.85  474.3  4.8

Димаш Құдайберген диплом алды

Танымал әнші Димаш Құдайберген жоғарғы оқу орнының дипломын алды. Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында жазды.

«Ахмет Жұбанов атындағы колледжді «Опера әншісі» мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Бүгін, Қазақ Ұлттық Өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Осы 4 жылда маған сенім білдірген ата-аналарыма, университет ректоры - Айман Қожабекқызына және оқытушы - профессорлық ұжымға алғысым шексіз!», – деп жазды әнші.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып, 2-орынды иеленді. Ол қытайлық тыңдармандарды ерекше даусымен тәнті етіп, сол елдің де танымал әншісіне айналып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары