Белгілі продюсер Баян Алагөзованың бірінші қызы Айсәуле Бақытбек табыс көзін Instagram-парақшасынан табады екен. Ол әр берген жарнамасы үшін 1000 және 1200 доллар алатынын жасырмады.
«Маған табыс көзін өз Instagram-парақшам әкеледі. Мен ол жерде әрдайым жақсы посттар жазып, суреттермен бөлісіп жүремін. Мәселен, Instagram-ға жәй ғана жарнаманың постын жазу үшін 1000 долар аламын. Ал егер видеосымен бірге жүктесем, онда 1200 доллар болады. Бірақ мен жарнама көп жасай бермеймін. Біріншіден, мен жарнамалайтын тауарға аса мән беремін. Құмар ойындарын, букмекерлік кеңселер мен казино деген сынды дүниелерді жарнамалаймын. Ешқашан да денсаулыққа зиян өнімдер мен жалған тауарлармен бөліспеймін», – дейді Айсәуле Бақытбек «Нommes.kz» интернет-порталына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ол өз Instagram-парақшасын өзгелер секілді коммерциялық алаңға айналдырғысы келмейтінін жеткізді. Оқырмандармен тек қызықты дүниелерімен бөліскісі келетінін айтты.