Желі қолданушылары актер Нұрлан Әлімжан мен әнші Әйкерім Қалаубаеваны әлдеқашан жұптастырып қойған. Себебі қос өнер иесі әрдайым бірге жүреді. Әрі Нұрлан да, Әйкерім де жеке өміріне қатысты сұрақтардан басын ала қашады.
Алайда актер мен әншіні байланыстыратын өнер ғана. Әсіресе, той иелеріне жұлдызды жұптың жүргізушілік қабілеті ұнайтын көрінеді. Сондықтан да тойға жиі бірге шығамыз дейді Қалаубаева.
Десе де екеуін ұдайы бірге көретін жұрт оларды жұптастырып қойған. Жұрттың сөзінен мезі болған Қалаубаева бар шындықты айтты.
«Иә, жұмыс болғаннан соң солай болып қала береді енді. Ол той иелерінің таңдауына байланысты! Әйтпесе күнделікті өмірде бір-бірімізді көрмейміз да», – деді ол.
Дереккөз: Stan.kz