Астанада «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтуде. Бірнеше күнге жалғасатын бұл шараға қазақстандық киногерлер мен актерлер келіп жатыр. Олардың қатарында актриса, әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова да бар. Оның кинофестивальге киіп барған көйлегін Instagram әлеуметтік желісінде жұрттар сынауда.
Құралай кеудесін ашып, тор үлгідегі көйлек киіп алған. Оның жартылай ашық киімі желі қолданушыларының ашуын келтірді.
Көпшілік көйлектің тек лыпаны ғана жауып тұрғанын, қазақ қызына мұның жат екенін жазып, актрисаға оны мүлдем шешіп тастауын ұсынуда.