Күні кеше екінші рет отау құрып, Алматыда дүркіретіп той жасаған белгілі әнші Абай Бегей жұрттың сынына қалды. Әншінің бұрынғы әйелі осыдан үш жыл бұрын ғана қайтыс болған еді.
Жас қызға үйленген әншіге желі қолданушылары ренжіді. Яғни, оны қайтадан дүркіретіп той жасағаны үшін және бұрынғы әйелінің көз жұмғанына да көп уақыт өтпеді деп сөкті.
Дегенмен, тойға келген туыстары мен шоу-бизнесте жақын араласатын әріптестері әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты.
Айта кетсек, Абай Бегейдің бірінші некесінен 4 баласы бар. Бірнеше ай бұрын үлкен қызын ұзатқан болатын.