$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық әншілердің көлігіндегі «блатной» номерлер қанша теңге тұрады?

Қазақстандық әншілердің көлігіндегі «блатной» номерлер қанша теңге тұрады? Ең қымбат номер кімдікі? Осыны Сaravan.kz саралап көрді.

Жақында ғана әнші Қайрат Нұртас анасы Гүлзира Айдарбековаға Lexus RX450 маркалы көлігін сыйлаған болатын. Оның бағасы – 28 миллион теңге болса, «777 GUL» деп арнайы жазылған номерін әнші 691 980 теңгеге сатып алыпты.

Қайраттың өзі екі көлікті ауыстырып мінеді. Оның бірі – 2015 жылғы Lexus LX570 маркалы автокөлік. Бағасы 23 – 25 миллион теңге аралығында. Ал, «101 BKA» деген номерді әнші 137 мың теңгеге сатып алыпты. Екінші көлігі – Mercedes-Benz Gelendwagen. Оның қазіргі нарықтағы құны 10 миллион теңгені құрайды. Мерседеске тағылған «020» номері 140 106 мың теңге.

Әнші Айқын Төлепберген де әріптестерінен қалар емес. Оған қалталы ағаларының бірі 17 миллион теңге тұратын Nissan Murano маркалы көлігін сыйға тартқан. Айқын өзгелер секілді мақтаншақ емес. Ол көлігіне өзі есімін жазбаған. Қызығы сол, әншінің көлігіндегі мемлекеттік номер Ресей Федерациясына тиесілі.

Ал, әнші Меруерт Түсіпбаева қымбат көлік тізгіндегенді ұнататындардың бірі. Оның мініп жүрген Toyota Land Cruiser 200 көлігі  22 миллион теңге тұрады. «001 ККA» деген номерін әнші 700 мың теңгеге сатып алған.

Әнші Ерке Есмахан Қайраттан қалыспай, Lexus LX570 маркалы көлігін мініп жүр. «EES» деп есімі жазылған номер үшін ол 137 мың теңге төлепті.

Ал актер, әрі режиссер Нұртас Адамбайдың мініп жүрген көлігі – Mercedes-Benz G63. Арнайы жасатқан «001 NUR» номерін ол да Меруерт апасы секілді 700 мың теңгеге сатып алған.

Тәуекел Мүсілімге продюсері Жанна Әбуова шамамен 40 миллион теңге тұратын Range Rover Sport маркалы көлігін сыйлаған болатын. Алайда, актер одан бөлініп кеткеннен кейін көлікті иесіне қайтарып беріпті. Актер қарапайым номер таққанды жөн санайды екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары