$ 494.87  520.65  4.91

Әжесінен айрылған Жігер Ауыпбаевтың жазбасы жұртты еріксіз жылатты

Осыдан 2 ай бұрын ғана Жігер Ауыпбаевтың кіші қажылықтан келген әжесін күтіп алған сәті түсірілген видео желіге таралып кеткен болатын. Әуежайдан аяғын сүйіп қарсы алған әжесін әнші жуырда ақтық сапарға шығарып сап, жан тебірентерлік жазба қалдырыпты.

"Қаладан ауылға жол түскенде ең бірінші әулетіміздің қара шаңырағына ат басын бұруға асығатынмын.

Ауылдан қайтарда әжем батасын беріп, "Менің қанша уақытым қалды дейсің, анау өмірге қол көтеріп тұрмын ғой. Сен келесі келемін дегенше мен бармын ба? Жоқпын ба? бір Құдай біледі. Аман бол қарағым" деп көзіне жас алып дарбазаның сыртына дейін қимай-қимай шығарып салатын.

Бұл жолы қара xалық болып көзімізге еріксіз жас алып асыл әжемізді, Қажы әжемізді қимай-қимай мәңгілік өмірге шығарып салдық.

Ауылдан қалаға қайтар жолда орналасқан Ақбейітте жатқан әруақтарға құран бағыштап, дұға жасап өтуші едім...

Енді дұғамның ішіне тағы бір жан қосылды", - деп қайғысымен бөлісті ол.

Көпшілік әжесінің иманына саламат тілеп, Алладан жәннаттық болуын сұрап жатыр. Жақынынан айрылған әншімен бірге көз жасына ерік бергендер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары