$ 448.56  478.03  4.79

«Кино түсіремін»: Жанар Дұғалова режиссерлікке бет бұрмақ

«KeshYou» тобының экс-мүшесі, әнші Жанар Дұғалова болашақта әншілікті қойып, режиссер болмақ.

Айтуынша, ол режиссер болуды бала кезінен армандаған. Ендігіде жасы отыздан асып бара жатқан әнші кино түсіріп, тарихта өз атын қалдырғысы келетінін жеткізді.

«Жастайымнан режиссер болғым келетін. Кішкентай күнімде бейнеклиптер түсіретінмін. Қартайғанша сахнада жүре бермеймін ғой, тарихта қалатын дүние жасағым келеді», – дейді Жанар Дұғалова «Түнгі студия» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетсек, режиссер мамандығын меңгеру үшін әнші жақында ғана Америкаға барып, төрт айлық оқу курсын оқып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары