$ 444.22  476.38  4.82

"Сәлем, Астана": Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Астананы туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Бүгін Астананың туған күні! Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен Астананың мерейтойымен құттықтап, видеоролик жолдады. 

Бүгін Астананың туған күні! Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен Астананың мерейтойымен құттықтап, видеоролик жолдады.

Ақ тілекке толы видеоны әнші өзінің Youtube-арнасында жариялаған.

Олар Астананың көркейіп келе жатқанын айтып, Димаш Құдайберген арқылы қазақ елін танығандарын жеткізді.

"Сәлем, Астана! Біз Димашты жақсы көреміз! Астана күнінің туған күні мен оның құрылған күнін біз де атап өтудеміз. Сіздерге бақыт, әрі жарқын болашақ тілейміз", - деп сәлем жолдады Димаштың түрік фан-клубының мүшесі.

Бұдан басқа, әншінің Белаурсь, Испания, Жапония, Болгария тағы да басқа елдердегі фанаттары қазақстандықтарды Астананың туған күнімен құттықтауда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары