$ 494.87  520.65  4.91

Аида Қауменова: "Шымкенттікке күйеуге шығу түсіме де кірмеген"

Танымал дизайнер Аида Қауменова жақында ғана екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Ол 41 жасында шырайлы Шымкентке келін болды.

"Мен бақыттымын. Бірақ шымкенттікке күйеуге шығамын деп мүлдем ойламағанмын. Ол адамды ұзақ жылдар бойы күттім. Сол үшін басқа қыз-келіншектерге де айтар ақылым: жастарыңызға қарамастан, өз сүйікті адамыңызды күтіңіздер. Күйеуімді кездестірмей тұрғанда құдайдан нағыз ер азаматты тілейтінмін. Міне, жолықтырдым", - деп ағынан жарылды Аида Қауменова "Ойбай Life" интернет жобасына берген сұхбатында.

Алайда, қол ұстасқан ғашықтар үлкен той жасамай, жақындарына тек "құдай тамақ" беріпті. Себебі, сәнгердің ата-енесі біраз жасқа келіп қалған және үлкен қызметтегі кісілер екен. Сол үшін де дүркіретіп той жасауды ыңғайсыз санапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары