$ 494.87  520.65  4.91

Мені өмірге әкелгені үшін көз жұмған анамды кешірмей келген ем – белгілі тележүргізуші

"Бақытты әйел" бағдарламасының жүргізушісі Мақпал Қаратай Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шығанақ ауылында орналасқан туған ауылына барып, қайтыс болған анасына арнап құран бағыштап қайтты. Өзін өмірге әкеле сап дүние салған шешесіне деген өкпесі енді ғана қайтқанын айтып, жұрттың көңілін босатты.

"Ауылға барғандағы негізгі себебім, мені өмірге әкелген анам Светлана Ділдаxанқызына құран оқытып қайттым. Небәрі 23 жасында тұңғышы мені дүниеге әкелемін деп қайтыс болған жанды анам деп мойындау үшін өмірдің сан түрлі соқпағынан өтуім керек болған екен.

Мені әжем Дәметкүл мен атам Қаратай әлпештеп өсірді. Оларды мама, папа деп атадым. Мамамның мені қалай қатты жақсы көретіні өз алдына бөлек әңгіме. Жасы 83-ке келсе де, әлі күнге дейін менің асты-үстіме түсіп отырады. Кішкентай кезімде "11 балам бір төбе, кенжетайым бір төбе" деп, адам баласын бетіме қаратпай, үстімнен құс ұшырмай өсірді. Бұл өмірде қандай да бір жетістікке жетсем, мұның бәрі маматайымның маған деген аппақ маxаббатының арқасы деп білемін.

Ал өмірге әкелген анамды… Өмірге әкелген анамды ерте үзілгені үшін менің бала жүрегім кешіре алмаған екен. Дәл өмірден өткеніне өзі кінәлі сияқты… Неге екенін осы уақытқа дейін ол жайында өз ойымнан өзім қашып, терең ойламауға тырысатынмын. Бір жағынан бала жүрегім Света жайлы ойласам, мамам сезіп қойып, маған өкпелеп қалар деп қорқатын еді. Мамамның (әжемнің) шексіз маxаббатына қаяу түсіріп алуға жүрексіндім.

Есейіп қалғанда "мені өмірге әкелген ғазиз жан қандай екен?" деп ойласам, жүрегім шымырлап қоя беретін. Осы ойдан қашып, мен оны алысқа, жүрегімнің алыс түкпіріне тығып тастаған екенмін. Мені өмірге әкелу үшін жанын құрбандыққа шалған Жан анам кешір менің балалығымды… Сені және өзімді кешіруім үшін есейуім керек болған екен… Жаның жаннатта шалқысын…", – деп жазды ол.

Көпшілік анасына бермеген ғұмырды Мақпалға тіледі, қайғысына ортақ екендерін жеткізді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары