$ 448.56  478.03  4.79

«Кез келген адам қателесуі мүмкін»: Баян Алагөзова отандық сот жүйесінен кешірім сұрады

Танымал продюсер Баян Алагөзова отандық сот жүйесінен ресми түрде кешірім сұрады. Айтуынша, олардың жұмысын бекерге қаралап, қателескен екен.

 «Сот жүйесінің жұмысын сынға алу барлығымыз үшін әдетке айналып барады. Жақында ғана мен де солардың қатарында едім. Алайда, кез келген адам қателесе біледі. Мен де қателіктен кенде емеспін. Шынымды айтсам, өзімнің дұрыс айтпағаным үшін қуанып қалдым. Өйткені, әділдіктен асқан сый жоқ. Мен біздің сот жүйесінің жұмысына алғысымды білдіремін. Біз барлығымыз әділ болуға ұмтылуымыз керек. Сот жүйесінен өзімнің қате сөйлегенім үшін кешірім сұраймын», – деді Баян Алагөзова өз Instagram-парақшасында.

 Алайда, өз қателігін осылайша мойындауына не себеп болғаны белгісіз. Бір анығы продюсер ендігіде отандық сот жүйесінің жұмысына күмән клетірмейтінін айтты.

 Еске салсақ, бірнеше ай бұрын Баянның жаңа қайынатасы Тұрым Алагөзовті «GALANZ bottlers» АҚ-ы сотқа берген болатын. Сол уақытта продюсер егер сот осы іске байланысты әділ шешім шығармаса, ондағы былықтардың бетін ашуға уәде еткен еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары