Тамара Асар бұған дейін сүйіктісінің басқа әйел алып кеткенін әрі оған түк те ренжімейтінін айтқан болатын. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан" демекші әншінің екінші жартысын кездестіргенін көпшілік те қалайтын сияқты. Себебі, тыңдармандары өнер иесінің әр жазбасынан оның сүйіктісі жайлы ақпарат күтеді.
«Мені жақсы көретін адам қызыл кілемді теледидардан көргені болмаса, оның үстімен жүрмеген. Халықтың алдына шығып көрмеген, қызыл кілемге шығу үшін “әлі біраз “дуx” жинауы керек, дайындықтан, аутотренингтерден өтуі керек», – деп жазған әнші ақын Ақберен Елгезектің өлеңімен бөлісті.
«Сені сүю – шуақ шашу жанардан,
Сені сүю – жұпар жұту самалдан.
Сені сүю – өз өзіңді ұмыту,
Табу бәлкім өз өзіңді жоғалған», – деп жазды Тамара Асар.
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына "Кімге арнадыңыз?", "Сүйіктіңізді қашан таныстырасыз?", "Ғашық боп қалғансыз ба?", - деген секілді сұрақтарды қарша боратып жатыр. Ал Тамара Асардың өзі тыңдармандарына жауап беруге асығар емес.