Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілікке танылған Асылхан Төлепов университетте бірге оқыған досы Төреғали Төреәліге өлең арнады. Актердің қалжыңға құрылған туындысында тойына келмеген досына деген өкпе жатыр.
«Шашын гельдеп, сақалын мұртын қырып,Тойға келді Төрештей сылқым жігіт.Артур мен Мадинаға тілек айтыпҚонақтарды билетті жұлқындырып.Ал менің свадьбама келмей қалдыІшім ренжіп жүр еді сыртым күліп,Кішкентайдан бірге өскен дос болғасынЗа косяк алғансың ғо қылқындырып», - деп досын қағытып алды актер.
Желі қолданушылары Төлеповтің тосыннан көрсеткен талантына таңырқап, бір күліп алды. Пікірлер қалдырғандар арасында арқасы қозып, өлең жазып кеткендер де көп.