Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева шетелге кеткісі келетіні жайында бұдан бұрын да айтқан болатын. Оның себебін әнші өзінің еліміздегі «қазақбайшылықтан» шаршағанымен түсіндірді.
«Мен Қазақстандағы қазақбайшылықтан қатты шаршадым. Жемқорлықтан да шаршайды екенсің. Тіптен өнерде де жемқорлық бар. Сол үшін мен өнерде ешкімнің жерлесі емеспін. Көп достарым шетелде тұрып жатыр. Балам тоғызыншы сынып бітіргеннен кейін мен де оған шетелге көшу туралы айттым. Бірақ ол өзінің туған жерінде қалғысы келетінін түсіндірді. Менің өз өлкемнен кету-кетпеуім тек балама ғана байланысты», - деді Меруерт Түсіпбаева Ойбай Life интернет-жобасына берген сұхбатында.
Бұдан басқа әнші көп қазақстандықтардың өзін жақтырмайтынын да жеткізді. Айтуынша, оның тік мінезі үшін де кейбір сахнадағы әріптестері араласа бермейді екен.