Белорусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің ашылу рәсімінде танымал әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» марапатын табыс етті. Бұл қуанышты жаңалығын әнші өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
«Белорусь мемлекетінің президенті арнайы «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» дипломымен марапаттады», – деп жазды әнші.
Роза Рымбаева бұл марапат тек өзінің талантын, шығармашылығын ғана мойындау емес, сондай-ақ, Қазақстанның өнеріне деген құрмет көрсету екенін айтты.
Желі қолданушылары да ҚР-ның еңбек сіңірген әртісін құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.