Тұрсынғали Алагөзов алғашқы жары Ляйсира Алагөзовамен не себепті ажырасқанын айтты. Сондай-ақ, ол болашақта үшінші рет үйленуі мүмкін деген болжамды жоққа шығармады деп жазады Stan.kz.
«Неге ажырастыңыз? Себебін білуге бола ма? Тамаша балаларыңыз бен әйеліңіз бар еді?» – деген оқырманының сауалына Алагөзов:
«Солай болып қалды, басқа адамды кездестірдім», – деп жауап берген.
Келесі бір оқырман Баяннан асқан сұлуды кездестірсе, не болатынын сұраған. Оған кәсіпкер: «Әлі бірінші әйелімді күйеуге беруім керек», – деген.
Десе де, Тұрсынғали Алагөзов «өмірде бәрі мүмкін» екенін атап өтті.