$ 494.87  520.65  4.91

Салтанат Бақаева жұрт көзінен сақтап келген 4 айлық ұлын көрсетті (ФОТО)

Шетелге шықса қайта-қайта желіге суреттерін жүктеп, мақтанумен болатын әншілер өз дәстүрлерін ешқашан бұзған емес. «Арнау» тобының бұрынғы солисі Салтанат Бақаева да Египетке жете салысымен, фото жүктеді. Тіпті, әншейінде жұрттан сақтап жүрген ұлын да елге қалай көрсеткенін білмей қалды.

«Нұржан екеуміз ешқашан да Египетте болмағанбыз. Сондықтан да бұл елдің байырғы мәдениетімен танысқымыз келді. Бұл елді таңдағанымыз сол еді, көптеген адамдар мұнда ыстық екенін айтты. Бірақ бұл бізді тоқтатқан жоқ. Ешкімнің сөзіне мән бермегеніме қуанамын, себебі ауа-райы өте тамаша. Ел айтқан аптап ыстық жоқ», - деп жазды актриса желідегі парақшасына.

Айта кетейік, Салтанат Бақаева 2011 жылы Нұржан есімді азаматқа тұрмысқа шықты. Олардың ортақ некелерінен 3 ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары