$ 448.56  478.03  4.79

Баян Алагөзова фильм түсіру үшін жолды жауып тастады

Танымал продюсер Баян Алагөзова бірнеше айдан бері «Махаббат бекеті-2» фильмін түсіріп жатыр. Фильмге қызу кірісіп кеткен Баян тіпті Алматының жолдарын жауып тастаған.

«Жол үстінде түсірілім болып жатыр. Ары-бері өткен көлік жүргізушілеріне бөгет жасаудамыз», – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Продюсер әр сағат сайын фильмнің түсірілу барысын желідегі парақшасына жүктеп, қалай жұмыс істеп жатқанын мақтанышпен паш етіп жүр.

Айта кетсек, Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» фильміне 1993 жылы 18 жасында түскен болатын. Енді сол фильмнің жалғасын көрерменге өзі ұсынбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары