Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қыздардың жігіт таңдаудағы қылықтарына ашынады екен. Интернеттің адам өміріне айтарлықтай әсер ететін мына заманда ол қыздарына сенбей, күйеу балаларды өзі іздейтінін айтты.
«Үш қызыма да жігітті өзім тауып берем. Қыздардың бәрі соқыр ғой, инстаграмда отырып алып жігіт іздейді. Мен қазірден бастап балаларыммен ашық сөйлесем, барлық тақырыптарда» , - деп айтты Қабатов.