Қазір Instagram-парақшасында «Маған сұрақ қой» деген айдар ашылып, жұлдыздар өзіне ұнағандарына жауап беріп жатыр. Орайлы сәтті пайдаланып, Тұрсын Алагөзов те сүйіктісінің әлі күнде не үшін бала таппай жүргенін мәлімдеді.
Алагөзов «Бала сүю үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», - деп қысқа ғана қайырған. Демек екеуінің біреуінің денсаулығында кінәрат бар деген сөз.
Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Алагөзова күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін Бақытбек Есентаевтан оңбай таяқ жеген. Бұнысын өзі телеарналарға берген сұхбаттарында ашық мойындаған. Дәл қазір 2 қызынан бөлек Алагөзовпен бір шаңырақта тұрып жатыр. Ресми некелерін де қидырды.