Қазақстандық белглі визажист Нұрлан Әлімходжаев өзін «гей» деп айтушыларға сүйікті қызын көрсетіп, өзінің қызтеке еместігін дәлелдеп бақты.
Нұрлан өз Instagram-парақшасына «Ғашықпын» деп жазба қалдырып, сұлу бикешпен құшақтасқан суретін жариялады.
Десе де, желі қолданушыларының біразы әлі де бойжеткеннің Әлімходжаевтың сүйіктісі екеніне шүбә келтіруде. Ал, кейбіреулері құттықтап жатыр.
Айта кетсек, осыдан бірнеше уақыт бұрын теле-бағдарламалардың біріне қонақ болған визажист өзінің «гей» емес екенін айтып ақталған болатын.