Тележүргізуші әрі продюсер Мақпал Қаратай жасы келген ер адамдардың неліктен жас қыздарға қырындайтынын айтты. Осы ретте ол әйелдер қауымына тән сұлулығымен айналысқанша жан сұлулығына ден қоюды ұсынды. Сондай-ақ көркем мінез де қыздар қауымының бақытын еселей түсетін көрінеді. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
«Анна Иотко әйелдің сыртқы сымбатына еркектің назары 4 секундқа ғана түседі дейді. Рас, бастапқыда олар әйелдің ажарына көңіл аударғанымен, негізгі баурап алатын әйелдің болмысы екен. Еркектер қандай әйелдерге қатты қызығады? Иотконың айтуынша- бұл жауапқа әйелдің фигургасы, формасы, түрі, шашы, киген киімінің қатысты жоқ. Олар екінші орында. Еркектер негізінен эндорфині көп, яғни бақытты әйелдерге көп көз сүзеді.
Эндорфин – бақыт, қуаныш гармоны. Жасы келген еркектердің жас қыздарға қырындайтын себебі де сол. Өйткені олардың бойында эндорфин гармоны ойнап тұр. Қуанса, аспанға секіреді, өкпелесе бұртия қалады. Яғни ештеңеге басыңды қатырмайтын сәт. Кейін уақыт өте келе біз тіршіліктің түйткілімен бұл гармонды өшіріп, өзге гармондарға басымдық танытып кетеді екенбіз. Қырыққа жасымыз жақындағанда өзімізді өзгелермен салыстырамыз. Бірден «қай жерім дұрыс болмай тұр екен?» деп ойлаймыз. Өзгелердің өмірін көреміз, қызығамыз. Мұның барлығы, бақыт, қуаныш гармонының сөнуіне алып келеді», - деп кеңес берді ол.