Белгілі әнші Ділнәз Ахмадиева фильмге түсіп жатыр. Өзін актриса ретінде байқап көруге оны әріптесі Әсел Сәдуақасова шақырыпты. Ол осы туындының продюсері екен.
Айтуынша, Ділнәзды мұның алдында да режиссерлер фильмге түсуге шақырған екен. Бірақ әнші ондағы кейіпкерлерді жақтырмағандықтан келіспепті.
«Мұның алдында да маған фильмге түсуге шақыртулар болған. Бірақ біртүрлі әйелдердің рөлін беретін. Ал мен ондай біртүрлі әйелдерді ойнағым келмеді. Бұл фильмде кейіпкерім, қиялы, сөздері мен әрекеттері ақылға сыймайтын адам», – дейді Ділнәз «Түнгі студия» бағдарламасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, әнші осы фильмнен кейін тұрмысқа шығып кететін шығармын деп болжам жасады. Себебі, ол кинода оң жақта отырып қалған келіншектің рөлін сомдайды екен.
Айта кетсек, мұның алдында Ділнәз Ахмадиева сүйіктісімен демалып жүрген сәттегі суреттерін желідегі парақшасына жүктеп, ғашық екенін жазған болатын.