Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаеваны өз жерлестері алдап-соғып, тақырға отырғызып кетті.
Айтуынша, 4 ай бұрын ауылдас екі қыз әншіден араға адам салып, пайызға қарыз алған көрінеді. Содан ұшты-күйлі жоқ болып кетіпті. Сөйтсе, олар атышулы алаяқтар екен. «Мен «лоx» емеспін. Мен сіздерге адамдарға сенбеңіздер деймін. Мына екеуі 4 ай бұрын, салонымызға аппаратура келіп еді, тез арада қарызға ақша керек деді. Мен танысымнан қарыз алып бергенмін. Артынан салон да жоқ (бір ай арендада екен), қарызды қайтаратын табын қой да, күйеуі де жоқ. Бір миллионға жуық ақша да жоқ. Екі айдан кейін полиция арқылы іздеу салсақ, ұрлық, алаяқпен екі рет (2013-2014 жж) сотталған екен. Осы басымнан өткен жағдай сабақ болсын сіздерге. Танысыма қарызды өзім қайтаруға мәжбүр болдым. Жаныңда талай өтірікші арам пиғыл адамдар жүр. Сақ болыңыздар!», – деп жазды әнші өз Instagram-парақшасында. Сондай-ақ, Меруерт Түсіпбаева құзырлы органдағылар бұл алаяқтардың құрбанына айналған басқа да жәбірленушілерді іздестіріп жатқанын айтты.