Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «тойдың әншісі» деген сынға қалған әнші Ернар Айдарды жақтап шықты. Жақында ғана әншіге қатысты Халық артисі Роза Рымбаева пікірін білдіріп, оны «той әншісі» деген болатын. Бұл сөзі халық арасында қызу талқыға түсті.
«Ернар Айдар «тойдың әншісі» дей бергенмен бірнәрсе өзгере ме? Ал, солай-ақ болсын дейік, тойда да ән айтатын әнші керек қой. Әркім өз тойында сүйікті әншісін көргісі келеді, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Тойында быт-шыт «rammstein, Элджей, гречка мен монеточка» билеп жатқандардың қасында Ернар красавчик», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы өз Instagram-парақшасына.
Ернар Айдарды «Өзбек әндерін аударып айтып жүрген той әншісі» деген Халық артисінің сөзіне осымен тек Ләйлә Сұлтанқызы ғана қарсы шықпады. Мұның алдында Мақпал Жүнісовадан бастап, басқа да өнер иелері Роза Рымбаеваның пікірімен санаспайтындарын желіге жазған болатын.