$ 494.87  520.65  4.91

«Әңгімесі дұрыс емес»: Мақпал Жүнісова «той әншісі» деп сынай кететін Рымбаеваны орнына қойды

Роза Рымбаева әріптестерін «той» және «нағыз сахна» әншісі деп екіге бөлуін қояр емес. Мәселен ол Ернар Айдарды мойындамайды. Ал ашуға мінген Мақпал Жүнісова замандасы Рымбаевамен келіспейтінін айтып, жастарды қатты сынамауға шақырды.

«Тойдың әншісі не болмаса сахнаның әншісі деп бөлуге болмайды. Жалпы тойда болған халық – концертке келетін де халық. Сонда тойдағы халықтың деңгейі төмен деп айтуға бола ма? Қаншама біздің жақсыларымыз аналарының 60 жасы, 80 жасы, алтын тойы, күміс тойына шақырады. Сонда 10 бала көтерген асыл аналарымыздың деңгейі төмен ба? Неге біз ол жерге барғанымызды намыс деп санауымыз керек? Неге тойдың әншісі деп бөлуіміз керек? Жалпы Роза апамыздың әңгімесі дұрыс әңгіме емес. Ол кісі де тойда ән айтып жүр, талай тойда өз көзіммен көрдім. Онда біз де оған «тойдың әншісі» деп айтайық.

Жалпы жастар былапыт өлең айтпаса болды деп ойлаймын. Көңіл көтеретін, мерекеде ән салып жүрген жастарды жоққа шығаруға болмайды. Болмайтын, боғауыз әндерді айтып жүргендер де бар. Соларды жөнге салу керек. Ол баланың (авт. Ернар Айдар) дикциясы өте жақсы, қазақтың әрбір сөзін жақсы айтады. Талпынып жүрген еңбекқор бала. Ол жағын да атап өту керек. Бәріміз де жас болғанбыз. Бірде бармыз, бірде жоқпыз дегендей, сыйласып өткенге не жетсін?!» – деп пікір білдірді Халық артисі 31 арнадан шығатын «Айта берсің» бағдарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары