Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көзнің астына пластикалық ота жасатты. Ол көзінің астындағы артық теріні алдырған. Не үшін мұндай қадамға барғанын Ләйлә желідегі парқшасында түсіндірді.
«Шошымаңыздар! Қыз-келіншектер арасында косметология, пластика тақырыбы өте өзекті екені өтірік емес. Қоян ерін, беттің ассиметриясы, грыжа деген сияқты диагноздарға қанша крем жақсаңызда, спортпен айналыссаңыз да ол түзелмейді. Хирургиялық жолмен ғана жөнге келетін ем түрлерін тек білікті маманға ғана тапсыру керек. Өйткені көзімнің астындағы грыжам үлкеюде, ыңғайсыздық тудыруда. Трансконъюктивальная блефаропластика (көз астындағы грыжаны алып тастау) жасап, алып тастамаса жылдан жылға өсіп мазаны алады деді. Қала берді, үнемі ауру адам сияқты көзің ісіп, асты көлкілдеп жүреді. Отадан кейін 2 апта ішінде ісігі, кішкене көгергені кетіп, бәрі жөнге келеді. Көгерген демекші, бұл процедура тек маманның қолының ептілігі мен жеңілдігіне байланысты», – деп жазды тележүргізуші өзінің Instagram-парақшасына.
Ләйлә Сұлтанқызы пластикалық отаға амалсыздан көзінің асты үлкейіп кеткен соң, барғанын айтады. Әйтпесе өзі де қыз-келіншектердің пластикаға жүгінгендерін құп көрмейді екен.