$ 494.87  520.65  4.91

«Ол менің сүйіктім емес»: Тәуекел Мүсілім суретке бірге түскен қыз туралы айтты

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде танымал актер Тәуекел Мүсілімнің бойжеткен қызбен құшақтасып суретке түскен фотосы жарияланған болатын. Жұрт оларды ғашықтарға балап, тойдың болар уақытын күтіп жүрген. Алайда, актер өз сүйіктісінің мүлде басқа қыз екенін айтып отыр.

«Мен ашық түрде айта алмаймын. Өзім іздеген, қалаған қызды кездестірдім. Оның жасы 18-де. Екеуміздің арамыз 11 жас. Бірақ ол еш сезілмейді. Екеуміздің мінезіміз ұқсас. Сабырлы, тез ашуланбайды. Қарапайым отбасынан шыққан. Оның шоу-бизнеске қатысы жоқ. Бұған дейін әлеуметтік желіге шыққан суреттер басқа. Ол екеуміздің бірге түскен суреттеріміз бір рет болса да әлеуметтік желілерге шықпаған. Уақыты келгенде өзім БАҚ өкілдеріне ресми түрде жариялаймын», – деді Тәуекел Мүсілім Ойбай LIFE интернет-жобасына берген сұхбатында.

Айта кетсек, бұған дейін жұрт Тәуекел мен Жанар Дұғалованы да сырттай «үйлендірген» болатын. Өйткені екеуінің демалыстарын бірге өткізіп, фотосессияларда бірге өткізген еді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары