$ 441.44  473.09  4.75

«Бірінші әйелінен 2 ұлы бар»: Жеке өмірін құпия ұстайтын Айдана Меденова күйеуіне қатысты шындықты жайып салды

Кезінде «Кешьюден» кеткенде тұрмысқа шығатынын хабарлаған Айдана, тойына БАҚ өкілдерін шақырмаған еді. Иә, жеке өмірін құпия ұстағысы келген болар…

Stan.kz хабарлағандай, бүгінде Меденова мүлдем өзгергенін айтады. Бұдан былай, журналистердің кез келген сауалына ашық жауап беруге бекініпті.


Әдетте, журналистерге әншілік мансабындағы жағымды жаңалықтарын жеткізіп үйренген Айдана, «қауесетке қаным қас», -деп отыр. Өйткені, өнер иесінің жеке өмірі жайлы жалған ақпарат таратушылар саны күн санап көбеюде.

«Жаңа ғана тұрмыс құрғанда, өзімнің жеке өмірім туралы айтқым келген жоқ. Қазір енді барлығын айта аламын ашып. Көбісі неше түрлі жалған ақпарат айтқаннан кейін, әрине, айтқым келеді шындықты», – дейді Айдана.

Өнер иесі «ту сыртынан оқ атқандардың» «аузына құм құйсам» деп енді бар ақиқатты айтуға бекінген. Иә, әншінің өмірлік жолдасы Әлішер Нұржанов бұрын үйленген, алғашқы некесінен алтын асықтай қос ұлы бар. Бүгінде ортақ бір әкенің балалары, жиі жүздесіп тұратын көрінеді. Ал, Айдана «бауырлардың қарым-қатынасына кедергі келтіруге хақым жоқ», – дейді.

«Олар мектепте оқығаннан кейін бір ғана демалысы бар. Олар күні бойы мектепте. Сондықтан, бір жұмада бір рет кездесуге тырысамыз», – дейді Меденова.

«Шешінген судан тайынбас!» Жеке өмірі жайлы бар сырын ақтаруға бекінген әнші, бұл сұхбатында да талай тың ақпараттың бетін ашты. Айдана, жолдасы Әлішердің бұрынғы жұбайының бүгінгі жай-күйінен жақсы хабардар екен. «Өзінің отбасы бар. Жақында өзі балалы болады. Танимын енді. Әлішер балаларын тастап кетпейді ғой. Оның ешқашанда ондай ойы болмаған. Мүмкін, сол қасиеті маған ұнаған шығар. Өз балаларына ол қамқор», – деп түсіндірді Айдана.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары