Танымал әнші Алтынай Жорабаева Қайрат Нұртастың шу болған «My universe» әніне билеймін деп сынға қалды.
Алтынай қозғалып бара жатқан көліктен түсе сала «My universe» әніне сызыла билейді. Жүріп бара жатқан көлікпен қатарласа билеу қазіргі кезде жастардың арасында сәнге айналған болатын.
Бұл ретте желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваға сын көзбен қарады. Алайда, әнші жұрттың сөзінен қорықты ма екен, толассыз пікірлерді өшіріп тастаған.
Айта кетсек, бұрынғы күйеуі режиссер Сәбит Әбдіқаловтан ажырасып кеткелі бері әнші өзін бос ұстайтын болған. Бұрындары артық қылық көрсетуден ұялатын Алтынай қазір желідегі парақшасына жиі-жиі видеолар жүктеп отырады.