«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек кішкентай балалардың тұсауын кесумен айналысып кетіпті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жарнама жасап, тұсау кесу сәтіндегі видеосын жариялаған.
«Шымкентке келіп тұсау кесіп кеттім. Қайшым дайын, қазір тек кесумен айналысып жатырмын. (әзіл) Төрехан ұлымыз еліне абыройлы азамат болсын», – деп жазды әнші желідегі парақшасына.
Соңғы уақытта ата-аналардың әншілерге балаларының тұсауын кестіріп жатқанын жиі көреміз. Қыздардың тұсауын кесуде әншілер арасында Қарақат Әбілдина алдыңғы орында тұрса, енді Айдар Тұрғанбек те бұл дәстүрді өз әдетіне айналдырып алған сыңайлы.