Барселонада қыдырып жүрген әнші Айқын Төлепбергенді мейрамханадан қуып шыққан. Ол ғана емес, алдын-ала төлеп қойған ақшасын да қайтармай қойыпты. Бұл туралы әнші өз Instagram-парақшасында айтты.
«Ешқандай Еуропа, Барселона Қазақстанға жетпейді екен. Бұл жақтың заңдары да, өздері де басқа. Шетелдіктерге де заңдары мүлдем бөлек екен. Кеше көлікті әдемі жерге қойып кеткенбіз. Сөйтсек, таңертең 100 еуро айыппұл салып қойыпты. Содан екіжұлдызды «Мишлен» мейрамханаға бардық. Орын бола бермейді деген соң, ерте жазылып қойғанбыз. Кешке барып тұрсам, мені шорты кигенім үшін есіктен кіргізбей қойды. Бірақ қысқа шортымен келген қыздарға үндеген жоқ. Сонда маған неге болмайды шортымен? Мұнысын түсінбедім. Не алдын-ала төлеп қойған ақшамызды қайтарған жоқ», – деді шетелдің заңына ренжіген Айқын.
Сондай-ақ, шетелде жанармай бағасы қымбаттығын айтқан ол, жалға көлік алғанына өкініп қалыпты.