Жазира Байырбекованы көргендер оның мінезді екенін, болмашыға қабақ шытып, көкірек керетінін жиі айтады. Әншінің өзі бұл қылығын жол жүріп, шаршайтынымен ақтап отыр. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.
«Жазира шын өмірде саxнадағыдай емес» деп кейбіреулер айтса дұрыс айтады, сеніңіздер.
Жәй жүргенде саxналық көйлекпен жүрмеймін, макияж жасамаймын, қабағым түйіліп жүретін кездер де, жымиып қуанып жүретін кездер де болады. Тез ашуланып, тез басыламын.
Күнде таңғы сағат 5, 6-да аэропортқа шығып, түнгі 2-ге дейін жүріп, тәулігіне 1-2 сағаттан ғана ұйықтап жүрген күндері xалықтың тілімен айтқанда «жұлдыз ауруымен» ауырып қаламын.
Жаңа ғана ұшақтан күтіп алған кісілерге сәл ғана ұнамай қалған істері үшін сабыр сақтамай кішігірім мінез көрсетіп, 5-10 минуттық «жұлдыз ауруымен» ауырдым.
Ия, ондай-ондай болып тұрады арасында.Үнемі мақтау ести бергеннен арасында тіл-көз өтпеу үшін артыңнан жаман сөздің де боланы дұрыс дейді білетіндер. Кейде періште емес пенде екеніңді, ашуланатын, мұңаятын, қуанатын кездеріміздің болатынын несіне жасырамыз...», - деп өзін ақтап алды әнші.