$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 90-жылдардағы жұлдыздардың концерті өтеді

Елорданың 20 жылдығы аясында Астанада 90-шы жылдардағы жұлдыздардың қатысуымен «I love Astana, I love 90's» атты концерт өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, сүйікті әуендер кеші Амфитеатр сахнасында 9 тамыз күні сағат 19:00-де өткізіледі.

«Ашық аспан астында белгілі музыкалық ұжымдар мен танымал орындаушылар өз өнерін паш етеді. «Стрелки», «Вирус» және «ALL Davay» топтары, сондай-ақ Карина Кокс («Сливки» тобы) өздерінің таңдаулы әндерін ұсынады. Кеш қонағы - әлемге танымал «Ace of Base» тобының солисі Дженни Берггрен (Jenny Berggren)», - делінген хабарламада.

Астана тұрғындары мен қала қонақтары сүйікті әуендерін тыңдап, 90-шы жылдар атмосферасындағы шоудың куәсі болады. Сонымен қатар, мәдени шара қонақтарына арналған басқа да қызықты тосынсыйлар жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары