02.08.2018, 10:23

Бейбіт Қорған ұлды болды

Белгілі әнші Бейбіт Қорғанның үшінші перзенті дүниеге келді. Бұл туралы әншінің өнердегі әріптестері Instagram-парақшаларында мәлімдеді.

«Бейбіт бауырым, ұлыңның бауыры берік болсын! Әй, жарайсыңдар! Көз тимесін. Бақытты болыңдар», – деп жазды әнші Бүркіт те желідегі парақшасына.

Белгілі болғандай Бейбіттің жары дүниеге шекесі торсықтай ұл бала әкелген.

Желі қолданушылары да Бейбіт Қорғанның сәбиіне «бауы берік болсын» айтып, құттықтауда.